"Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының командасы @the.insightschool балаларымен фотосессия және моделинг бойынша шеберлік сағатын өткізді.
Мектептің басты мақсаты — әр түрлі ауруы бар (Даун синдромы, ақыл-ой дамуы тежелген, психикалық дамуы тежелген, эпилепсия, аутизм) және балалар үйінің жетім балаларын әлеуметтік өмірге белсенді тарту арқылы Қазақстандағы инклюзивтілікті қолдау және дамыту.
Мектеп оқушыларының көбі модельдік мансапта жетістікке жетуді армандайды, сондықтан біз суретке түсу және фотосессияға дайындық бойынша шеберлік сабағын өткіздік. Соңында балалар байқау жеңімпаздарымен фотосессия жасап, дәмді түскі ас үстінде қызықты пікірталас өткізді. Біз әрбір бала өзінің құндылығын сезініп, назарда болғанын қаладық, өйткені сұлулық нормалары мен модельдеу әлемі күн сайын өзгеріп отырады. Яғни бүгінде әрбір бала осы салада өз орнын таба алады.
Айта кетейік, “Қазақстан аруы 2023” жеңімпаздары - ізгі ниет елшілері, Қазақстанның қайырымдылық жобаларына белсенді қатысушылары болып табылады.