Сабина ерекше шығармашылық атмосферасы үшін кітапханаларға барғанды ұнатады.
“Кітап оқу адамның ішкі әлемін толықтырады, ал кең таным тартымдырақ ете түседі”, - деді “Қазақстан аруы-2023” жеңімпазы Сабина Ыдырысова.
Сіздің сүйікті кітабыңыз қандай?
⁃ Менің сүйікті кітабым - "Мастер мен Маргарита", өйткені ол терең философиялық ойларымен, сиқырлы реализмімен және бай тілімен тартады.
Сіз қай жанрды қалайсыз?
Мен фантастиканы жақсы көремін.
Оқуға деген сүйіспеншілікті оятқысы келетіндерге не ұсынар едіңіз?
⁃ Мен кітаптарды өз қызығушылықтарым бойынша ұсынар едім, әртүрлі жанрлармен тәжірибе жасап, кітап сүйер қауымның пікірін тыңдауға де кеңес берер едім.
Бүгінде Алматыда @library.almaty 28 филиалы жұмыс істейді. Бұл - жай кітапхана емес, қалалықтардың дамуы үшін қызметтер мен ресурстардың ауқымды спектрін ұсынатын заманауи мәдениет және білім орталықтары. Мұнда озық технологиялар, кітаптардың, аудио және видеоматериалдардың үлкен коллекциясы, сондай-ақ электрондық ресурстар мен интернет бар.
Елдің басты аруы анықталды: Алматыда «Қазақстан Аруы 2025» Ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті