Сабина Ыдырысова, Мадина Әлмұханова және Аяулым Әлімхалиева қиын жағдайда қалған бірнеше отбасыға барды. Олардың ішінде төрт немересін - 8-10 жастағы екі оқушыны, екі жасөспірімді бағып отырған әжей бар. Ол балалар үшін арқа сүйер тірек және асыраушысы, бірақ ақша жете бермейді. Мысалы, балалар еденде ұйықтап, өздері армандаған карате бойынша жарысқа қатыса алмаған.
Қыздар бұл отбасыға төсек-орын сыйлап, балаларға спорттық форма мен аяқ киім алып берді. Сондай-ақ жарысқа қатысу үшін жарнасын төледі.
“Қазақстан аруы 2023” жеңімпаздары - ізгі ниет елшілері, Қазақстанның қайырымдылық жобаларына белсенді қатысушылары. Сондықтан мейірімділік идеясын көпшілікке тарату - ортақ миссиялардың бірі.