26
қыркүйекте Алматыдағы Queen мейрамханасында «Қазақстан аруы» комитетінің
ұйымдастыруымен инфлюенсерлер мен БАҚ өкілдеріне арналған медиа-басқосу өтті.
Мұнда біз "Қазақстан аруы" байқауының жаңа концепциясы туралы
әңгімелестік.
Бүгінгі
таңда Қазақстандағы сұлулық байқаулары «сыртқы тартымдылық сынға түседі» деген
дәстүрлі түсінікті жоққа шығарды. Біз қыздардың ішкі қуаты, берік ұстанымы,
шабыттандыоратын мүмкіндіктері туралы айтып отырмыз. Байқаудың әрбір
қатысушысы – өзіндік арманы мен мақсаты,
жолы бар жарқын тұлға. Сұлулық байқаулары қыздарды сырттай ғана емес, сонымен
қатар интеллектуалдық, шығармашылық және әлеуметтік аспектілерде де танытуға
мүмкіндік береді. Байқаудың концепциясы әрбір қатысушы өз өмір жолын айтып,
қолдау тауып, Қазақстанның басқа әйелдеріне үлгі бола алатын алаң құруға
бағытталған.
Медиа
басқосуға спикер ретінде түрлі саланың табысты және белсенді өкілдері
шақырылды. Біз олармен бірге әйелдердің қоғамдағы, сондай-ақ өнердегі,
бизнестегі, IT және басқа да салалардағы рөлін талқыладық. Мәселен, креативті
суретші Әсел Бекжан, Art Flowers бас директоры Наталья Ким, психолог Мадина
Арзумова, AAMC бренд менеджері Жанерке Болат және тағы басқалар өз ойын ортаға
салды.
Медиа
басқосудағы спикерлер көтерген негізгі тақырыптар қазіргі қоғамдағы әйелдердің
құқықтары мен мүмкіндіктеріне қатысты болды. Кәсіп, шығармашылық, IT және басқа
салалардағы әйелдер тап болатын қиындықтар, сондай-ақ олардың өзін-өзі танытуы
және тұлғалық дамуға деген ұмтылысы талқыланды. Әйелдер көшбасшылығы, тедігі
және әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұндай
диалогтар әйелдер арасындағы қолдау мен ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете
отырып, стереотиптерді жоюға көмектеседі, қатысушыларды жақсы жағынан өзгеруге,
белсенділік танытуға шабыттандырады.
Спикерлердің
пікірталастары мен презентацияларымен қатар глиптис спорттық киімдерінің
көрсетілімі және бачата бойынша шеберлік сыныбы өтті. Біздің серіктестер
белсенділік танытып, қонақтарды қызықтыра білді: олар SmoRodina косметикасынан
скрабтар жасап, ұтыс ойнатты және ArtFlowers-пен бірге өз гүл шоқтарын жасады.
Ал жүлделер қатарында Ya.fitstudio -дан үш айға сертификат, Merhat_jewelry
зергерлік бұйымдары және Safiya distribution компаниясының тері күтімі өнімдері
болды. Ал стилист Гузель Ибрагимова киімдердің түсі мен стилін таңдауға
көмектесті.
Нәзік
жандыларға арналған әрі әйелдер ұйымдастырған медиа-басқосуға қолдау көрсеткен
қонақтар мен серіктестерге рахмет!