Былтырғы байқау жеңімпаздары Мадина мен Дильназ
қатысушыларға әдемі сән көрсетілімінің құпиялары бойынша шеберлік сабағын
өткізді, серіктестеріміз @labfab_almaty алты процедурадан тұратын толық курсқа
сертификат берді, ал стилист @guzallik түс және мүсін типажы бойынша тегін,
пайдалы кеңес берді. Ал @panaehali_almaty барының салқын лимонадтары жаздың
аптап ыстығында серпілуге көмектесті.
Нәтижесінде байқауға қатысатын 38 таланты қыз таңдалды!