«Қазақстан Аруы» Ұлттық сұлулық
байқауының финалы қарсаңында қатысушылар үшін ерекше шығармашылық шара – сурет
салу шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара
жылы әрі жайлы атмосфера орнаған «ArtLab» студиясында өтті.
Бұл жолы аруларға дефиле
не сұхбат емес, өздерін өнер арқылы таныту мүмкіндігі ұсынылды. Шеберлік
сабағының тақырыбы символдық мәнге ие болды – «Патшайым». Бұл образ
байқаудың нәзіктік пен күштің,
асқақтық пен ішкі сұлулықтың үйлесімін
сипаттайтын мәнін айқындайды.
Әр қатысушы эмоция мен ойын түстер мен сызықтар арқылы жеткізіп, тақырыпты өзінше бейнеледі. Жұмыс
барысында қыздар әсерлерімен бөлісіп, идеяларын талқылап, бір-бірін
шабыттандырып отырды. Осылайша студияда шығармашылық пен бірлік рухы
қалыптасты.
ArtLab мектебінің
нұсқаушысы қыздарды қадам-қадаммен сурет әлеміне
жетелеп, палитраны таңдау, түстерді үйлестіру, композиция құру және көңіл күйді
егжей-тегжей арқылы жеткізу тәсілдерін үйретті. Алғаш рет қылқалам ұстағандар
да өздерін шығармашылықта еркін сезініп, қайталанбас туындыларын жасай алды.
«Акрил
боялуарымен сурет салып көруді бұрыннан қалағанмын. Біз үшін ұйымдастырылған
шеберлік сағаты осы мақсатымды орындауға керемет мүмкіндік болды. Мен
бейнелеген туындымды өзімнің ішкі әлеміммен байланыстырғым келді. Шабыт пен
қиялға ерік беріп, идеямды жүзеге асыра алған сияқтымын», – деп бөлісті байқау
қатысушысы Бибідана.
Бұл шеберлік сабағы
қатысушыларға патшайым болу – тек тәж бен атақ емес, рухани күй, сенімділік пен
шабыт екенін еске салды. Мұндай формат байқауға дайындықтың маңызды бөлігіне
айналды, себебі Miss Qazaqstan – бұл тек сыртқы сұлулық емес,
тұлғаның терең ашылуы, интеллект пен шығармашылық әлеуеттің көрінісі.