Оңтүстік астанада «Алматы Аруы 2025» финалы өтті

Оңтүстік астанада «Алматы Аруы 2025» финалы өтті

Алматыда «Алматы Аруы» сұлулық байқауының ақтық кезеңі өтті. Басты тәж бен миллион теңгенің сертификаты иегері  болып Лаура Ақтаева таңдалды.

Іріктеу мамыр айында басталып, 700 аруды жинады. Олардың арасынан ең сұлу болып 9 ару «Алматы Аруы 2025» байқауының финалдық кезеңінде бақ сынасуға мүмкіндік алды. финалистердің дайындығы үш айға созылды. Дайындық барысында арулар аспаздық баттлда өз қабілеттерін көрсетіп, сән көрсетілімдеріне қатысты.

Байқау кеші «Қайрат» футболдық клубын қолдау мақсатындағы ерекше би қойылымымен басталды. Арулар өздерін таныстырып, өнерлерін бірнеше кезеңдік шығумен көрсетті. Жеңімпазды таңдау барысында қазылар алқасы қыздардың энергиясы мен ішкі күшіне ерекше мән берді.

Байқау нәтижесіне сәйкес, «Алматы Аруы 2025» атағын Лаура Ақтаева иеленді. 20 жасар Лаура – 5 жылдық тәжірибесі бар модель. Осы уақытқа дейін ол түрлі сұлулық байқауларында өнер көрсеткен. Жеңімпаз ару бос уақытында кітап оқығанды, би билегенді, тіл үйренуді ұнатады, сондай-ақ, тарих пен мәдениетке қызығады.

Алдағы уақытта Лаура Ақтаева «Алматы Аруы» атағымен «Қазақстан Аруы 2025» Ұлттық сұлулық байқауында қала намысын қорғайтын болады.

Байқау серіктестері