Махаббат және қолдаумен: Дана Алмасова «Ғалам Аруы 2025» байқауына аттанды

Махаббат және қолдаумен: Дана Алмасова «Ғалам Аруы 2025» байқауына аттанды

Дана Алмасова алдағы апталарда байқаудың финалдық кезеңіне дайындық басталатын Таиланд еліне аттанды. Әуежайда Дананы қолдауға оның жақындары, достары және «Қазақстан Аруы» командасы келіп, бойжеткенге сәттілік, сенім және жеңіс тіледі.

Қоштасу сәті ерекше әсерлі өтті – залда жылы лебіздер айтылып, Қазақстанның тулары желбіреді, ал Дананың жанкүйерлері мен оқырмандары оған ізгі тілектерін жолдады.

Байқаудың финалдық кезеңі 21 қарашада өтеді. Осы уақыт аралығында Дананы жарқын бағдарлама күтеді: ол қазақ жерінің сұлулығы мен жаңаруын бейнелейтін қызғалдақтардан шабыт алған ұлттық костюмін таныстырады, дефиле көрсетеді, ағылшын тілінде сұхбаттасып, экология тақырыбындағы әлеуметтік жобасын қорғайды.

Ұшар алдында Дана өз сезімдерімен бөлісті: «Мен тек жауапкершілікті ғана емес, осы жолда мені қолдайтын барлық жандарға деген шынайы ризашылығымды сезінемін».

«Қазақстан Аруы» ұйымдастырушылары Дананың ел намысын абыроймен қорғайтынына және халықаралық деңгейде өзін танытуды армандайтын көптеген жас қыздарға үлгі болатынына сенім білдірді.

Байқау серіктестері