«Miss Qazaqstan» командасы 2025
жылғы қатысушылармен және шаш күтіміне арналған премиум бренд «Limba
Cosmetics»-пен бірге «Аналар үйінде» ерекше күн өткізді. Бұл – әйелдерге қолдау мен
жылулық аса қажет болатын ерекше мекен.
Аналар үшін бас терісінің
диагностикасы мен жеке шаш маскаларын дайындау ұйымдастырылды.
Әрбір әйел өзіне деген қамқорлықтың маңызын, өз-өзіне қайта оралу сезімін
еске салу үшін шаш күтіміне арналған сыйлық жиынтығын алды.
Қатысушы қыздар дастархан жайып, балалармен уақыт өткізіп,
аналармен ашық әңгіме құрды. Жылы атмосфера мен
шынайылықты байқау қатысушысы Амина өз қолымен дайындаған тәтті кекс
толықтырды. Ол бұл тәттіге бар жылуын және ықыласын салды: «Менің
сүйікті хоббиімнің бірі – аспаздық. Сондықтан балалар мен аналардың көңілін
көтеру үшін ақ ганаш пен жидектер қосылған шоколадты кекстер пісірдім», – дейді Амина.
Аналардың бірі
кездесуден алған әсерімен бөлісті: «Бәрі өте ұнады.
Әсіресе шашқа арналған құралдар керемет! Ұйымдастырушыларға көп рахмет».
«FLARIO
Kazakhstan» компаниясының бас
директоры Татьяна Бердикулова да мұндай
кездесулердің маңыздылығына тоқталды: «Біз әйелдерге олардың қандай мықты әрі әдемі екенін еске
салуға келдік. Өз-өзіне күтім жасау – ішкі әлемнен басталатын таңғы рәсім. Әр ана өзін әдемі,
бақытты сезінсе екен дейміз».
Бұл күн байқау немесе атақ туралы емес. Бұл – қарапайым адами жанашырлық күні болды. Түрлі
тағдырдағы қыз-келіншектер бір-біріне қолдау мен жылу сыйлау үшін бас қосты.