Заманауи қыз – ол кім? Бұл сұрақ бүгінде қоғамдық пікір көшбасшыларын,
сұлулық пен білім беру саласының өкілдерін де толғандырып отыр. «Miss
Qazaqstan» ұлттық сұлулық байқауының директоры Айжан Рузаеваның пікірінше, заманауи
ғасырда қыз болу – бұл күш,
еркіндік және өз болмысыңа деген адалдық.
«Заманауи қыз – бұл дәстүр мен үрдістің үйлесімі. Ақылды, мақсатқа
ұмтылған, өзіндік қадір-қасиеті бар тұлға», – дейді Рузаева.
Оның айтуынша, байқау әлдеқашан сыртқы сұлулықты ғана дәріптейтін жарыс аясынан шыққан. Бүгінде «Miss Qazaqstan»
–қыздың тек сыртқы келбеті
емес, шынайы болмысы маңызды болатын платформа.
– Біз білімге, ішкі күшке, шынайы болуға қабілеттілікке баса мән береміз,
– дейді ол. – Бұл харизма, жан дүниенің сұлулығы мен қоғамдық жауапкершілік
туралы.
Бүгінгі таңда сұлулық стандарттары сән үрдістерінен де жылдам өзгеретін
заманда, Айжан Рузаева идеалдарға ұмтылудан гөрі, даралықты бағалаудың аса
маңызды екенін атап өтеді. Даралық – бұл тұрақтылық, шынайылық және өзгелерге
шабыт көзі бола білу.
Байқау директорын қыздардың кастингке «жанарындағы отпен» келуі, дамуға
дайын болуы, жауапкершілікті мойнына алуға ұмтылуы ерекше шабыттандырады.
Сондықтан да ол заманауи қызды үш сөзбен сипаттайды: Мықты. Әсерлі. Нұр
шашатын.
Болашақ қатысушыларға Айжан Рузаеваның кеңесі: «Дара болыңыздар. Байқау
талаптарын мұқият оқыңыздар – олар халықаралық стандарттармен үндеседі. Және
өзіңіздің шынайы болмысыңызды көрсетуге қорықпаңыздар – дәл осы жерде сіздің
күшіңіз бен сұлулығыңыз жатыр».