«Ғалам Аруы 2025»: Қазақстан жарқын әсер қалдырды

«Ғалам Аруы 2025»: Қазақстан жарқын әсер қалдырды

5 қараша күні «Ғалам Аруы 2025» байқауы салтанатты «The Universe Ceremony: Host Country Thailand Begins Tonight!» ашылу рәсімін өткізді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар өздерін және өз елдерін таныстырып, харизмасы мен сымбатын көрсетті.

Дана Алмасова Қазақстанды жарқырап, сенімді және ерекше энергиямен таныстырды. Өнер көрсетуден кейін ол өз әсерімен бөлісті: «Өзімді тамаша сезінемін – драйвта, адреналиндемін! Өнер көрсеткеніме өте ризамын. Барлығы мінсіз болды, тіпті күткенімнен де жақсы болды. Күн керемет өтті!» – деді Дана.

Дана әлеуметтік желідегі жанкүйерлер арасында ТОП-20-ға енді. Ол өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын білдірді: «Қонақүйге келгенде “Қазақстан!” деп айқайлағандарын есту керемет әсер қалдырды. Бұл маған үлкен күш пен шабыт береді!»

Дананың өнер көрсетуі байқаудың жарқын бастамасына айналып, ел намысын асқақтатты. Алда қызықты да әсерлі сәттер көп! Байқау жаңалықтарын жіберіп алмаңыздар!

Байқау серіктестері