Аймақтық финалдар жалғасуда: «Павлодар Аруы – 2025» таңдалды

Аймақтық финалдар жалғасуда: «Павлодар Аруы – 2025» таңдалды

Павлодар қаласында «Павлодар Аруы – 2025» аймақтық байқауы өтті. Аталмыш шара жобаның 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Биыл «Павлодар Аруы» байқауының іріктеу кезеңінде 60 ару бақ сынады, олардың 11-і ақтық кезеңде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. 

Павлодарда өткен бұл сұлулық байқауының ерекшелігі оның Ұлы Абайдың 180-жылдығына арналған бағдарламасында байқалды. Қатысушылардың шығармашылық қойылымдары осы тақырыптағы идеямен ұштасты: бірі би өнерімен таңғалдырса, екінішісі музыкалық аспапта ойнау қабілетін ұсынды. Ал кешкі көйлектер арқылы арулар өздерінің нәзіктігі мен сымбаттылығын көрсете алды.

«Бүгінгі сұлулық байқауларында қатысушының қанша тіл меңгергені, қандай мамандық иесі екені, қайырымдылықпен айналыса ма – бәрі маңызды. Ақыл мен харизма да сұлулықпен бірдей бағаланады», - дейді «Павлодар Аруы» байқауының директоры Айзат Қожабаева.

Аталған талаптардың барлығын ескере отыра, қазылар алқасы «Павлодар Аруы – 2025» атағына Мадина Жумартованы лайық деп таңдады. Мадина – өзінің 11 жылын көркем гимнастикаға арнаған өнерлі ару. Бүгінде ол өз тәжірибесін жас буынмен бөлісіп, балаларға гимнастика мен хореграфия бойынша сабақтар жүргізеді.

Мадинаның айтуынша, оны бұл жеңіске сенімділік пен табандылық жеткізді. Ол «тәж – нәзіктік пен мықтылықтың символы» деп сенеді. Жеңімпаз аруды алдағы уақытта «Қазақстан Аруы – 2025» Ұлттық байқауына қызу әрі жауапты дайындық күтіп тұр. 

Байқау серіктестері