13 қыркүйек күні Талдықорған қаласында қала күні аясында
«Талдықорған Аруы – 2025» байқауы өтті. Көптен күткен ақтық кезеңде 15 ару
бәсекелесіп, басты тәжге Алина Нұрахметова ие болды.
Биыл Талдықорған қаласы «Қазақстан Аруы» Ұлттық сұлулық байқауының ресми
лицензиясын иеленді. Сәйкесінше, байқау ұйымдастырушылары қала намысын
республикалық деңгейде қорғайтын үміткерлермен жауапты дайындық жұмыстарын
жүргізді.
Іс-шара қазылар алқасының мүшелері әрі кеш қонақтары болған Талдықорған
қаласының әкімі орынбасары Жеңіс Аңдабеков пен Қазақстан Аруы» Ұлттық сұлулық
байқауының PR-директоры Құралай Құрманның қатысуымен өтті. Шара бағдарламасы
«Ұлттар достығы» қойылымымен ашылып, әр қатысуышының өзін-өзі таныстыруымен
жалғасын тапты, ал дефиле өнері әдемі кеш көйлектерімен ұсынылды.
Қазылар алқасының әділ таңдауы ең сұлу да ерекше аруға
түсті: «Талдықорған Аруы – 2025» Алина Нұрахметова атанды. Жеңімпаз ару «Өз
қаламды ұлттық байқауда жоғары деңгейде таныстыруға бар күшімді слаамын», –
деп бөлісті.