10 маусым күні Шымкент қаласында «Қазақстан Аруы – 2025»
ұлттық сұлулық байқауының аймақтық кастингі өтті. Бұл шара елдің оңтүстігінен
келген өз арманы мен мақсаттарына сенетін, туған өлкесін беделді сахнада
таныстырғысы келетін ондаған аруды жинады. Кастинг – басты байқаудың
финалистерін анықтайтын іріктеу кезеңдерінің бірі болды.
Кастингке қатысуға ниет білдіргендер саны аз
болмады – үміткерлер сыртқы келбетпен қатар, ішкі дүниесіне, мінез-құлқы мен
ой-өрісіне байланысты да қатаң іріктеуден өтті. Арулар дефиле, өзін таныстыру
және қысқаша сұхбат секілді классикалық кезеңдерден өтті. Алайда
ұйымдастырушылар атап өткендей, бүгінде байқау тек сұлулық жайлы емес. Қатысушы
қыздар білімді, жан-жақты және әсерлі болуы керек. Сахнада сенімді жүру, ойын
жеткізе білу, сауатты сөйлесу қабілеті – барлығы әділқазылар тарапынан ерекше
назарда болады.
Іріктеу нәтижесінде қазылар алқасы жарқыраған
бірнеше үміткерді таңдап алды. Ал аймақтық кезеңнің жеңімпазы атанған ару өз
туған үлкесін таныстырып, «Miss Qazaqstan – 2025» тәжіне үміткер болуға
мүмкіндік алады.
Шымкенттегі өңірлік кастинг лайықты аруларды
таңдауға арналған алаң ғана емес, сондай-ақ нәзіктікке, ақыл-парасат пен табандылыққа
сенетіндердің барлығына шабыт берген ерекше шара болды. Ұйымдастырушылардың
айтуынша, байқау заман талабына сай өзгеріп келеді: бүгінде ол қыздарға өздерін
көрсетуге ғана емес, «таңдау еркіндігі» құндылығы туралы ашық айтуға, өз
буынының үнін жеткізуге мүмкіндік береді.