«Miss Qazaqstan – 2025» аймақтық кастингі Семейде өтті

«Miss Qazaqstan – 2025» аймақтық кастингі Семейде өтті

29 мамыр күні Семей қаласындың мәдениет сарайында «Miss Qazaqstan – 2025» ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитетінің қатысуымен аймақтық кастинг өтті. Іс-шараға еліміздің бас сахнасында өзін көрсетіп, өз өңірінің намысын қорғауды армандайтын ондаған жарқын және мақсатшыл ару жиналды.

Кастинг жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтті. Қатысушылар өз оқиғаларымен бөлісіп, сенімділігін, харизмасын, камера алдында өзін ұстау және қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру қабілеттерін көрсетті. Ұйымдастырушылар әсіресе қатысушылардың дайындығының жоғары деңгейін және әрбір арудың өз бірегейлігін ашуға деген шынайы ұмтылысын ерекше атап өтті.

«Байқаудың басты мақсаты – Қазақстанның ең сұлу аруын анықтау. Бүгін бізде «Мисс Семей» байқауына кастинг өтуде. Осы байқаудың финалынан кейін жеңімпаз жартылай финалға жолдама алады. Ал «Қазақстан Аруы» байқауында жеңіске жеткен ару еліміздің намысын халықаралық деңгейде қорғайтын болады», – деді байқау директоры Айжан Рузаева.

Қазылар алқасы қатысушылардың сыртқы келбетіне ғана емес, сонымен қатар олардың ішкі жан дүниесіне, арман-мақсаттарын жеткізу шеберлігіне және таңдау еркіндігі туралы пайымына да үлкен мән берді. Кейбір қатысушылар қазірдің өзінде қоғамдық қызметпен, еріктілікпен, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысуда – бұл байқаудың биылғы рухына толықтай сай келеді.

Байқау биыл «Freedom of Choice» тақырыбымен өтуде. Бұл – саналы таңдау жасаудың, өзіңді құрметтеудің және даралықты бағалаудың маңыздылығын еске салатын ұран. «Miss Qazaqstan» – тек сұлулық жайлы ғана емес, әр қыздың дауысын естіртуге мүмкіндік беретін алаң.

Жаңалықтардан қапы қалмаңыз – келесі Miss Qazaqstan кім болатынын бірге білейік!

Байқау жаңалықтары

Байқау серіктестері