«Қазақстан
Аруы – 2025» Ұлттық сұлулық байқауының қатысушылары үшін әйел тартымдылығы туралы шабыттандыратын
мастер-класс өтті. Іс-шара нәзіктік пен әсемдікке негізделген кеңістік – «Celebra» іш
киім бутигінде ұйымдастырылды. Жылы атмосфера мен интерьердің ойластырылған
бөлшектері қатысушыларға өздерін жайлы сезінуге мүмкіндік берді.
Кездесудің спикерлері – Натали Норман мен Марина
Воеводина. Екеуі де – ішкі және сыртқы күш-қайраттың айқын үлгісі.
Психолог, әйелдердің дамуына арналған орталықтың негізін
қалаушы Натали өзіндік сенімділік, ішкі
қуат пен әйелдік магнетизмді оятуға бағытталған тәжірибелік жаттығу жүргізді.
Ол өз сөзінде былай деді: «Қыз баланың дамуы тек
қана бәсекелестік арқылы жүрмейді. Ол айналасындағы мықты, сұлу, табысты әйелдерді көре отырып, бейсаналы түрде олардың
болмысын, жүріс-тұрысын, өмір сүру стратегиясын сіңіреді. Бұл – айна нейрондарының жұмысы».
Mrs. Eurasia Global 2024 халықаралық байқауының жеңімпазы Марина Воеводина да өзінің тәжірибесімен
бөлісіп, байқау өмірінің қыр-сырын айтып, қатысушыларға пайдалы кеңестер берді.
Қыздар ашық әңгімеге белсенді қатысып, сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті.
«Miss Qazaqstan – 2025» байқауының қатысушысы Алина өз әсерімен бөлісті:
«Психологпен бірге жасаған тәжірибе өте қызықты болды, Маринаны
тыңдау сондай жағымды әсер қалдырды. Екеуі де бізге пайдалы кеңестер берді,
олар сөзсіз байқау
барысында көмектеседі».
Мастер-класс «Celebra» бутигімен серіктестікте
өтті. Бутик иесі Светлана Кислицына былай деп атап өтті: «Бізді біріктіретін ортақ құндылықтар бар – нәзіктік, сұлулық және эстетика. Сол себепті мұндай байқауды қолдау біз үшін үлкен қуаныш болды».
Бұндай кездесулер байқауға дайындықтың маңызды
бөлігіне айналуда. Олар қыздарға өз-өзін тереңірек танып, ашылып, сенімділікпен
алға басуға көмектеседі. Өйткені «Қазақстан Аруы» – бұл саналы болмыс, парасаттылық, харизма және
ішкі қуаттың үйлесімі.