Алматыда «Қазақстан Аруы – 2025» байқауына ашық кастинг өтті

Алматыда «Қазақстан Аруы – 2025» байқауына ашық кастинг өтті

Алматы қаласында «Қазақстан Аруы – 2025» ұлттық сұлулық байқауына ашық кастингі өтті. Іріктеу жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтіп, байқауға қатысқысы келетін, арманын жүзеге асыруға ұмтылған қыздарды біріктірді. Бұл – жай ғана сахнаға шығу мүмкіндігі емес, өзін танытып, заманауи қазақ қызының болмысын көрсететін маңызды алаң.

Кастингке келген арулардың әрқайсысы ерекше мақсатпен келген. Олардың бірі бұл байқауға қатысудағы басты себебін былай деп түсіндірді: қазіргі қазақ қыздары тек сұлу ғана емес, сонымен қатар білімді, ақылды, мақсатшыл екенін көрсету қажет.

«Мен өзімді сынап көру үшін келдім. Қорқынышымды жеңіп, үлкен белестерге жете алатынымды дәлелдегім келеді. Miss Qazaqstan – мен үшін тек атақ емес, еліміздегі басқа да қыздарға шабыт сыйлау мүмкіндігі», – деді қатысушылардың бірі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар үшін бастысы – шынайы ниет пен ішкі күш. Себебі нағыз сұлулық – осы қасиеттерде.

«Қазақстан Аруы» жобасы даму жолында. Біз әлі талай жарқын әрі шабыттандыратын аруларды кездестіретінімізге сенімдіміз! Байқау жаңалықтарын жіберіп алмаңыздар, бірге шабыттанып, армандарға бірге қанат қағайық!

Байқау серіктестері