«Мен үшін – бұл бүкіл әлемге өзімді таныту мүмкіндігі»: Ғалам Аруы Қазақстан – 2024 сұхбаты

«Мен үшін – бұл бүкіл әлемге өзімді таныту мүмкіндігі»: Ғалам Аруы Қазақстан – 2024 сұхбаты

Халықаралық сұлулық байқауына санаулы айлар ғана қалды, ал Miss Universe Qazaqstan – 2024 Дана Алмасова өміріндегі ең маңызды оқиғаға белсенді дайындық үстінде. Көйлектерді сынап көру, түсірілімдер, дефиле жаттығулары мен спорттық режим – оның күнтізбесі минутына дейін толы. Бірақ мұндай қарбаласта да Дана шабытты да мақсатшыл күйінде қалады: ол үшін «Ғалам Аруы» – Қазақстан, оның мәдениеті мен құндылықтары жайлы бүкіл әлемге айту мүмкіндігі. Біз Данаға сұрақ қойып, оның дайындығы, ұлттық костюмнің мәні және ел намысын әлемдік аренада қорғаудың мағынасы жайлы әңгімелестік.

- Дана, дайындығың қалай жүріп жатыр?

Мен белсенді түрде дайындалып жатырмын. Алдағы күндері елордаға ақтық кезеңнің көйлектерін киім көруге ұшамын. Қыркүйек айым түгелдей жоспарланған: байқауға арнайы бейнетүсірілімдер мен фотосессиялар күтіп тұр. Жақында «Ғалам Аруының» Мексикадағы өкілімен сұхбат өткіздім. Сол кезде болашақ байқаудан алған әсерлеріммен, сезімдеріммен және күткен үміттеріммен бөлістім.

- Ал жаттығулар кестеңе енді ме?

Жуырда байқауға арналған дефиле сабақтары басталады. Үлкен сахнада өзімді барынша сенімді ұстағым келеді. Жүрісім жақсы негізге ие болғанымен, мен әрқашан дамуға, жаңаға ұмтылуға мүмкіндік бар деп есептеймін.

- Спорт пен өзіңе күтім жасауға көңіл бөлесің бе?

Әрине. Қабілеттерімді шыңдаумен қатар, денсаулығымды да назарда ұстаймын. Әр таңымды жүгіруден бастаймын, тұрақты түрде медициналық тексеруден өтемін. Өз денемді күткенді жақсы көремін, тіпті өзіме массаж жасаймын. Салауатты өмір салты маған қуаныш сыйлайды, әрі денемнің күн сайын жақсарғанын көремін.

- Ұлттық костюмің – әрдайым көпшілік асыға күтетін бейнелердің бірі. Оның идеясы неде?

Костюмнің негізінде экология тақырыбы жатыр. Бұл мені бұрыннан қызықтыратын мәселе. Көйлекте Қазақстан табиғатының сұлулығы мен байлығы көрініс табады. Мен бұл образдың жай сәндік емес, маңызды ойды жеткізуін қалаймын.

- Қатысушы туралы жақсы әсер қалдыруға қай қасиет көмектеседі деп ойлайсың?
Мейірімділік пен ашықтықпен ғана үйлескен көшбасшылық қасиеттер. Әрқашан позитивті болу маңызды. Мен дәл осы қасиеттер мені лайықты деңгейде көрсетуге көмектеседі деп сенемін.

- «Miss Universe» байқауына қатысу сен үшін нені білдіреді?

Бұл – үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік, тұтас елді таныстыру міндеті. «Ғалам Аруы» мен үшін тек сұлулық байқауы емес, бүкіл әлемге өзімді танытуға берілген бірегей мүмкіндік. Әрбір қатысушымен танысып, жаңа достар табуды және сол байланысты байқаудан кейін де сақтап қалуды қалаймын.

Қазақстан үшін Дана қатысып отырған «Ғалам Аруы» – жай ғана байқау емес. Бұл – әлемдік сахнада біздің аурлардың күші мен дарыны, ашықтығын көрсету мүмкіндігі. Ал Дана осы мүмкіндікті ел үшін жарқын тарихқа айналдыруға дайын.

Байқау серіктестері