«Астана аруы-2024» финалистері анықталды

«Астана аруы-2024» финалистері анықталды

«Астана аруы-2024» байқауы жаңа деңгейге көтерілуде! 16 қазанда «Рыба пила» мейрамханасында «Астана аруы» байқауының баспасөз мәслихаты өтіп, онда іріктеудің барлық кезеңінен сүрінбей өткен 14 финалист таныстырылды. Бұл қыздар 18 қазан күні Мьюзик Холлда өтетін байқаудың ақтық сынында елорданың ең сұлу да дарынды аруы титулына таласуға дайындалып жатыр.

Биыл «Қазақстан аруы» әйел табиғатының жан-жақтылығына басымдық беріліп, The Art of Being a Woman («Әйел болу өнері») ұранымен өтуде. «Астана аруы» – жай ғана сұлулық байқауы емес, қыз-келіншектердің өзін-өзі танытуы, қолдауы мен ынтымақтастығы үшін маңызды алаң. Қатысушылар өздерінің сыртқы тартымдылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар ішкі потенциалын, интеллектуалдық қабілеттерін және жеке амбициясын ашуға ұмтылады.

Байқаудың финалы жеңімпазды анықталады және есте қаларлық шоу болмақ. Қыздардың тек сахнада жарқырап қана қоймай, қоғамда оң өзгерістер жасауға шабыттандыратын қадамдарын бірге көрейік!

Байқау жаңалықтары

Байқау серіктестері