18 қазанда Астанада көптен күткен
«Астана аруы-2024» қалалық сұлулық байқауының финалы өтті. Елорда үшін дәстүрге
айналған шара биылғы жылы жаңа деңгейге көтеріліп, қатысушылардың жарқын
сәттері мен тамаша қойылымдарымен ғана емес, сонымен қатар терең әлеуметтік
тақырыптарымен де есте қалды.
Ясмин Байболова «Астана аруы-2024»
атағын жеңіп алып, елорданың ең сұлу аруы атанды. Бірінші «вице-мисс» Дарина
Байтенизова, екінші «вице-мисс» Ария Кусаиноваға бұйырды. Әсел Адамова «Мисс
People’s Choice» номинациясы бойынша жеңіске жетіп, ең көп дауыс жинап,
көрермендердің жүрегін жаулап алды.
Биыл байқау қатысушылардың сыртқы сұлулығына
ғана емес, қоғамдағы рөліне де мән берілді. Маңызды әлеуметтік мәселелер
әйелдер құқығы мен олардың әртүрлі саладағы белсенділігіне назар аударды.
«Астана аруы» байқауы жас арулардың ішкі күшін, шығармашылығын және
интеллектуалдық қабілетін ашуға арналған алаң құруды мақсат етеді.
Жүлде алған жеңiмпаз арулар The Art Of
Being A Woman («Әйел болу өнерi») ұранымен өтетiн “Қазақстан аруы” ұлттық
байқауына елорда атынан аттанады. Біз финалистерден жаңа жетістіктер мен əсерлі
қойылым күтеміз!