Қарағандыда
«Қазақстан Аруы – 2025» Ұлттық сұлулық байқауына қатысу үшін аймақтық кастинг өтті. Облыстың әр түкпірінен келген
қатысушылар өздерін көрсетіп, туған өңірін республикалық финалда таныту құқығын
жеңіп алу үшін бақ сынады.
Әрбір
қатысушы тек сырт келбетін ғана емес, ішкі жан дүниесін, қарым-қатынас жасау
қабілетін, сахнада сенімді тұра білуін көрсетуге тырысты. Қазылар алқасы
харизмаға, интеллектке және ерекшелікке
назар аударды, өйткені «Қазақстан
Аруы» байқауы
сұлулықты ғана емес, жан-жақты дамуды насихаттайтын алаңға айналған.
Күннің
ерекше сәттерінің бірі – байқауды өткізуге арналған ресми лицензияны
салтанатты түрде табыстау болды. Бұл құжат өңірдің ұлттық байқауға қатысу
құқығын растайды.
Байқаудың кастинг-директоры Дильназ Махмудова
ашықтық пен өзін-өзі дамыту маңызын атап өтті: «Біздің
мақсатымыз – әр өңірдің аруларын тауып, олардың өз аймағын мақтанышпен
танытуына мүмкіндік беру. Қазіргі қыздардың дамып, өзін жан-жақты көрсете
алғанын қалаймыз. Ең бастысы – сұлулықтан бөлек харизма мен ақыл».
Кастинг
қорытындысы бойынша іріктелген
қатысушы келесі кезеңге өтіп, «Қазақстан
Аруы
– 2025» байқауының финалында Қарағандының намысын қорғайды.