«Қазақстан
Аруы – 2025» байқауының қатысушылары The Practice студиясындағы хот пилатес
жаттығуына қатысты. Бұл спорт түрінің ерекшелігі – жаттығуды 38 градусқа дейін қыздырылған бөлмеде өткізу, бұлшық еттерді тереңірек жұмыс істетуге, икемділікті арттыруға
және төзімділікті күшейтуге көмектеседі.
Байқау
қатысушысы Інжу жаттығу оған тек физикалық жүктеме ғана емес, жаңа әсерлер
әкелгенін атап өтті: «Мен үшін бұл тәртіп пен
төзімділік сабағы болды. Пилатес өзіңе және денеңнің сезімдеріне назар аударуға
үйретеді, сонымен қатар әйелдік қасиеттерді дамытуға көмектеседі – бұл қарапайым күш жаттығуларына қарағанда мүлде басқа тәжірибе екен. Ыстық
студиядағы жаттығу мен үшін жаңалық болды және тек
жағымды әсер
қалдырды».
Физикалық және психологиялық пайдадан бөлек, бұндай форматтағы қыздар кештері қолдау мен бірліктің ахуалын
қалыптастырады. Қыздар бірге уақыт өткізеді,
бір-біріне көмектеседі және әсерлерімен бөліседі, бұл байқаудың дайындық кезеңін достыққа ымаққа толы етеді. Мұндай
кездесулер қатысушыларға бір-бірін жақсырақ тануға, командалық рухты нығайтуға
және конкурс қауымдастығын шын достық отбасына айналдыруға
көмектеседі.