Алматыда «Miss Qazaqstan – 2025» байқауына ашық кастинг өтті

Алматыда «Miss Qazaqstan – 2025» байқауына ашық кастинг өтті

Алматы қаласында «Miss Qazaqstan – 2025» Ұлттық сұлулық байқауына қатысу үшін ашық кастинг ұйымдастырылды. Елдің түкпір-түкпірінен келген қыздар өзін көрсетуге,  харизмасы мен сымбатын танытып, келесі кезеңге өту үшін бақ сынауға мүмкіндік алды.

Қазылар алқасы құрамына «Қазақстан Аруы» байқауының кастинг-директоры Дильназ Махмудова, Ғалам Аруы Қазақстан 2024 Дана Амасова, Ғалам Аруы Қазақстан 2017 Дарина Кульситова және блогер, модель Аружан Абжалелова кірді. Сарапшылар үміткерлерді тек сыртқы сымбатына қарап қана емес, сонымен бірге олардың сахнада өзін ұстауы, қарым-қатынас дағдылары, сенімділігі мен даралығын ескере отырып бағалады.

Қазылар алқасы қатысушының тұлғалық қасиетін көрсетуінің маңызын атап өтті: «Кастинг – жанды үдеріс. Біз қатысушының сахнада өзін ұстауына, өз ойын еркін жеткізе алуына, сонымен қатар көшбасшылық қасиетімен ерекшеленуіне назар аударамыз».

Ашық кастинг байқау финалына апарар жолдағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Қатысушылар үшін бұл – өзін көрсетуге, ал қазылар алқасы үшін – Қазақстанды ұлттық және әлемдік деңгейде лайықты таныстыратын жаңа есімдерді табу мүмкіндігі.

«Miss Qazaqstan» Ұлттық байқауы елдегі басты сұлулық жобасы мәртебесін нығайта отырып, жаңа жұлдыздардың жолын ашып, қыздарды өз күшіне сенуге шабыттандыруды жалғастыруда.

Байқау серіктестері