Өткен демалыс күндері Алматыда 16 000 салауатты өмір салтын
қолдаушыны біріктірген елдің ең ірі спорттық шарасы «Almaty Marathon» өтті.
Биыл бұл ауқымды оқиғаға «Қазақстан Аруы» ұлттық сұлулық байқауы да қосылды.
10 шақырымдық қашықтықты «Қазақстан Аруы 2025» қатысушыларымен бірге байқау директоры
Айжан Рузаева және Ғалам Аруы Қазақстан 2024 Дана
Алмасова жүгіріп өтті. Қыздар тамаша спорттық дайындықтарын, төзімділіктерін
және жаңа белестерге деген ұмтылыстарын көрсетті.
Жүгірумен қатар, «Қазақстан Аруы 2025» қатысушылары
марафонның ашылу салтанатында ерекше рөл атқарып, қатысушыларға спорттық
рекордтарға жетуге шабыт сыйлады. Олардың арасында «Вице Мисс Қазақстан 2024» атағының егері Айдана Абылқасова да болды. Арулар мәреге
жеткен жеңімпаздарға медальдар мен марапаттарды табыстап, спорттың салауатты
әрі белсенді өмірдің бір бөлігі екенін айқындады.
«Біз үшін сұлулық әрқашан спортпен, энергиямен және ішкі күшпен
қатар жүруі маңызды. Марафонға қатысу осы құндылықтарды біріктіруге тамаша
мүмкіндік болды», – деді байқау директоры Айжан Рузаева.
«Қазақстан
Аруының» Almaty
Marathon-ға қатысуы еліміздегі бұқаралық
спортты қолдаудың символына айналып, заманауи қыздардың еркіндікті, күшті
және алға ұмтылуды таңдайтынын тағы бір дәлелдеді.