«Қазақстан Аруы» байқауына дайындық аясында арулар жүгіру марафонына дайындық форматында
спорттық жаттығудан
өтті. Арнайы қонақ ретінде әлемдегі ең күрделі триатлондардың
бірін сәтті аяқтап, IronMan жобасының финишері атанған Амина Жанасова шақырылды.
Әмина қатысушыларға қыздыру жаттығуын өткізіп, жүгіру
техникасының қыр-сырын үйретті, тыныс алудың маңызы мен қашықтықтағы күшті
дұрыс бөлу жолдары туралы айтты. Қыздар мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, белсенді
түрде жаттығуға қатысты.
Жаттығу барысында Ғалам Аруы Қазақстан 2024 Дана Алмасова да қыздармен бірге
болды. Ол қатысушылармен бірге қыздыру жаттығуын жасап, кейін жеңіл жүгіріске
шығып, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және жігер алуға мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қатысушыларға
сахнаға дайындалуға ғана емес, сонымен қатар тәртіпті, төзімділікті және
командалық рухты дамытуға көмектеседі. «Қазақстан Аруы» – бұл сұлулық пен
спорттық форма, мінез қайраты үйлескен байқау.