Тәж бен грант: «Қазақстан Аруы» сұлулық байқауы арулардың білім алуына қалай қолдау көрсетеді

Тәж бен грант: «Қазақстан Аруы» сұлулық байқауы арулардың білім алуына қалай қолдау көрсетеді

«Қазақстан Аруы» Ұлттық сұлулық байқауы тек сұлулық мерекесі болудан әлдеқашан шыққан. Соңғы жылдары ол қыздар тек сыртқы сымбатын ашып қана қоймай, сондай-ақ жеке және кәсіби тұрғыда өсуге нақты мүмкіндіктер алатын алаңға айналып келеді. Сол мүмкіндіктердің бірі – жеңімпаздарға табысталатын білім гранттары. Бұл дәстүр бірнеше жылдан бері жалғасып келеді және ол үнемі назардың ортасында болмаса да, маңызы зор.

«Грант беру – біздің байқаудың құндылықтарының көрінісі. Қазіргі таңда сұлулық ақыл-ой, даму мен әлеуметтік белсенділіктің үйлесімі ретінде жиі қабылданып жүрген заманда білімді қолдау ерекше маңызды», – дейді   байқау директоры Айжан Рузаева.

Жеңімпаздарға грант табыстау – әрбір қатысушының тек модельдік салада ғана емес, ғылымда, бизнесте, өнерде және қоғамдық істерде де үлкен жетістіктерге жете алатынына деген сенімнің белгісі.

Сұлулық байқауы арқылы білімді насихаттау – жастарға арналған айқын белгі: мүмкіндіктер әрдайым бар және олар – шынайы. «Қазақстан Аруы» байқауы оқуға, дамуға, мансап құруға, мағыналы істер атқаруға және айналасындағы әлемді өзгертуге ұмтылғандарды қолдайды.

Байқау серіктестері