Еліміздің атын әлемдік аренада танытатын екі
сұлу – Дана Алмасова және Томирис Қадырхан өздерінің
басты байқауларына дайындықты бастап кетті. Алда қыздарды жауапты кезең күтіп
тұр: ұлттық мәдениетінімізді таныту, мінсіз сахналық бейне қалыптастыру, әлем
алдында сенімді әрі жарқын өнер көрсету. Қазір олар шығармашылық нөмір және
ұлттық киімдері бойынша қарқынды дайындық жүргізіп жатыр.
Бұл байқауларда тек сұлулық қана емес, зияткерлік деңгей, мәдени
таным және өмірлік ұстаным да бағаланады. Сондықтан Дана мен Томирис
дайындықтың әр кезеңіне жіті көңіл бөліп, Қазақстанды лайықты деңгейде
таныстыруға бар күшін салуда.
Дана мен Томирис туралы, олардың дайындық барысындағы ерекше
сәттері мен шабытты оқиғалары жайлы алдағы жарияланымдарда толығырақ бөлісетін
боламыз.
Еске сала кетейік, 2024 жылы өткен «Қазақстан Аруы» Ұлттық сұлулық байқауында Дана Алмасова «Ғалам Аруы Қазақстан – 2024», Томирис Қадырхан «Miss Grand International – 2023» титулына ие болып, әлемдік сұлулық байқауларына жолдама алды.