Томирис Кадырхан «Miss Grand International 2025» байқауында Қазақстанды сәтті таныстыруда

Томирис Кадырхан «Miss Grand International 2025» байқауында Қазақстанды сәтті таныстыруда


«Қазақстан Аруы 2024» Ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазы Томирис Кадырхан қазіргі уақытта Бангкок қаласында өтіп жатқан халықаралық «Miss Grand International 2025» сұлулық байқауында еліміздің намысын абыроймен қорғауда. Таиландқа келген алғашқы күннен бастап Томирис барлық іс-шараларға белсенді қатысып, қазылар алқасы мен көрерменнің назарын өзіне аудартты.

Жақында байқау аясында ірі баспасөз конференциясы мен байқаудың ашылу салтанаты өтті. Бұл шарада әр қатысушы өз елін таныстырып, сахнада нәзік келбеті мен сенімділігін көрсетті. Арулар көз тартарлық кешкі көйлектермен сахнаға шығып, сымбатты жүрісі мен сөйлеу мәнері арқылы көрерменге әсер қалдырды.

Қазақстандық ару Томирис Қадырхан өзінің сұлулығымен, шынайылығымен және харизмасымен ерекше көзге түсті. Оның өнер көрсетуі әлеуметтік желіде оң пікірлерге ие болып, онлайн дауыс беру нәтижесінде Томирис байқаудың ТОП-15 қатысушысының қатарына енді.

«Қазақстан Аруы» ұжымы Томиристің Қазақстанды лайықты деңгейде таныстырып жүргенін және өз даралығы мен ұлттық стилін сақтап келе жатқанын атап өтті. Алда қатысушыларды бірнеше байқау кезеңдері мен 18 қазанда Бангкокте өтетін финалдық шоу күтіп тұр.

Біз Томириспен мақтанамыз және оның әлемге сұлулықпен қатар ақыл-парасатын, рухының күшін және халқымыздың мәдениетін таныта алатынына сенеміз!

Байқау серіктестері