Астанада ең сұлу ару таңдалды: Астана Аруы 2025 – Аида Жанқылыш

Астанада ең сұлу ару таңдалды: Астана Аруы 2025 – Аида Жанқылыш

Астанада көптен күткен Miss Astana 2025 сұлулық байқауының финалы өтті. Шара Бейбітшілік және келісім сарайында ұйымдастырылып, маусымның ең айтулы мәдени оқиғаларының біріне айналды.

Биылғы жылдың басты тәжін 18 жастағы Аида Жанқылыш иеленді. Бірінші вице-мисс атағы Амира Тулегеноваға, ал екінші вице-мисс атағы Лаура Кабиеваға бұйырды. Miss People’s Choice Astana 2025 атағын Сабина Сүйінова жеңіп алды.

Финалға 500-ден астам үміткердің ішінен іріктелген 16 қатысушы шықты. Олардың қатарында еріктілер, музыканттар, IT-мамандар, халықаралық университет студенттері және әлеуметтік бастамалардың авторлары бар.

Байқау финалында көрермендердің жүрегін тебіренткен ерекше оқиғалар да айтылды.
Мысалы, балалық шағында СДВГ мен сөйлеу дамуындағы қиындықтарды жеңген қатысушы бүгінде ерекше балаларға арналған орталықтың администраторы әрі үйлестірушісі. Тағы бір қатысушы — бұрынғы гуманитарлық бағыттағы студент, IT саласын игеріп, Чехияда жұмыс істеп жүрген жас маман.

Сахнада ұлттық киімдер дефилесі, кешкі көйлектер шоуы, шығармашылық нөмірлер мен сұхбаттар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Қазылар алқасы сұлулықпен қатар интеллектті, сенімділікті және ішкі қуатты бағалады.

Байқаудың бас серіктесі ретінде SUN Group мейрамханалар холдингі қолдау көрсетті. Холдинг жыл сайын мәдени және әлеуметтік бастамаларды қолдап келеді.
Арнайы MISS SUN GROUP атағын байқаудың екінші вице-миссы Лаура Кабиева иеленді. Осылайша, ол SUN Group амбассадоры атанып, 1 000 000 теңге көлемінде сыйақы алды.

Miss Adalin Clinic by Dr. Seksenbaev — Аида Жанқылыш, ал Miss BasDent 2025 — Томирис Байгабыл.

Енді Аида Жанқылыш елорда намысын қорғап, Miss Qazaqstan 2025 ұлттық байқауына қатысады. Айта кетейік, 2024 жылы Астананың намысын кәсіби балерина Ясмин Байболова қорғаған болатын.

Байқау серіктестері